Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті (090000, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 208, анықтама үшін телефон 8 (7112) 50 03 55, 50 06 22) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау конкурсын жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы, жасы жиырма беске толған; жоғары заңгерлік білімі;жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі;келесі мәліметтердің болмауы: адамды әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі деп танылғаны; жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс жасағаны;өтелмеген немесе алынбаған соттылығы, мемлекеттік, әскери қызметтен; құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан; соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша босатылғаны;атқарушылық іс жүргізу бойынша берешектің және үш айдан артық мерзімді өндіріп алу бойынша берешегінің болуы;наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы; тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиядан айыру.

Құжаттар 2022 жылдың 25 мамыр айынан 21 маусымайына дейін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады.

Аттестация 2022 жылдың маусым айының 28 күні 09-00 сағатта өткізіледі, Аттестация өткізілетін жері:Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті.

Аттестацияда қаралуға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш.