Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет

Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет

Департаментпен «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» қағидатын санаға енгізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша Жоғары инженерлік-технологиялықколледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң қоғамдастығының болашағы ретінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік дағдыларын дамыту.

Шара барысында студенттерге әділет органдары қызметінің бағыттары туралы мәлімет айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, алдын-алу, жол бермеу шаралары түсіндірілді.