2021 жылғы 2 тоқсандағы Батыс Қазақстан облысы мәслихаттар шешімдерінің, әкімдіктер қаулыларының, әкімдер шешімдерінің және тексеру комиссиясы қаулыларының тізбелерін зерделеу нәтижелері бойынша АҚПАРАТ

2021 жылғы 2 тоқсандағы Батыс Қазақстан облысы мәслихаттар шешімдерінің, әкімдіктер қаулыларының, әкімдер шешімдерінің және тексеру комиссиясы қаулыларының тізбелерін зерделеу нәтижелері бойынша  АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары өздерінің құзыреті шегінде нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 19-тармағына сай Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін (кадрлық, шаруашылық мәселелері бойынша құқықтық актілерді қоспағанда) тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан үшін орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қабылданған актілерінің тізбелерін (бұдан әрі – тізбелер) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Әкімшілік-құқықтық бөлімімен 3249 акт зерделенді, оның ішінде:
Облыстық – 90 акт;
Қалалық – 381 акт;
Аудандық – 1144 акт;
Ауылдық округтер –1634 акт.
2021 жылдың 2 тоқсанында Әділет департаментімен зерделеу нәтижесінде Жергілікті органдармен ұсынылған актілердің Тізбелері бойынша өткізілген талдау нәтижесінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын актілер анықталмады.
Бұл Батыс Қазақстан облысы жергілікті мемлекеттік органдарының заң қызметтері уақтылы және сапалы қызметінің дәлелі.