Ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды  тұлғаларымен семинар өткізілді

Ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды  тұлғаларымен семинар өткізілді

       А.ж. 18 маусым айында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен  облыс әкімдігінің өкілі,  жекеше нотариус, жоғары оқу орындарының волонтер-студенттерінің қатысуымен, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды  тұлғаларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен, әдістемелік көмек ретінде   семинар өткізілді.

        Шарада  ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды  тұлғаларымен  нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі, мұрагерлік құқықтың мәселелері талқыланды және  ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

       Сондай-ақ, Департаменттің бөлім басшыларымен  әділет органдары қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері аталып өтті.