Қазақстанда контрафактіге жол жоқ

Қазақстанда контрафактіге жол жоқ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 12-30 мамыр аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» республикалық акциясын (онлаин форматта)өткізуді  жоспарлап отыр.

Жоғарыдағы аталған акция шеңберінде:

  • ағымдағы жылдың 12 мамырдан бастап 25 мамыр аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 15 жасқа дейінгі (10 жастан 12 жасқа дейін, 13 жастан 15 жасқа дейін) балаларға арналған үздік сурет республикалық байқауын өткізу;
  • ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап 30 мамыр аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік ұранға байқау тақырыбында (14 жас және одан жоғары санатында) республикалық конкурс өткізу жоспарлануда.

        Іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру мәселелері бойынша байланысушы тұлғалар:Маштаков Алтай, Кенженова Фарида, Ишанбергенов Дусхан 8(7112) 50-32-13, 55-40-47,  8-702-915-46-80  а.mashtakov@adilet.gov.kz, f.kenzhenova@adilet.gov.kz, d.ishanbergenov@adilet.gov.kz.