А.ж. 17 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Б.Агилманованың төрағалық етуімен Департаменттің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Аталған комиссия Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді орыңдау мақсатында, Департамент басшысының 2020 жылғы 11 ақпан күнгі №14 бұйрығымен құрылды.
Отырыс барысында, ұжым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға, қызметтік этиканы, әкімшілік және өзгеде құқық бұзушылықтарға қарсы тұруға бағытталған алдын алуды күшейту, қызметтік әдеп нормаларын, еңбек және атқарушы тәртіпті сақтау, сондай-ақ мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметшілердің дұрыс емес мінез-құлқының алдын алу бойынша ұжыммен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы айтылды. Шара соңында, « Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2020 жылы атқарылған жұмысы қорытындалып, 2021 жылға жұмыс жоспардың орындалуы бойынша ұсыныстар талқыланды.
БҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі