Студенттермен кездесу

Студенттермен  кездесу

      Ағымдағы жылдың   5 ақпанында ҚР Әділет министрлігінің 2020-2021 ж.ж. кезеңге «Құқықтық мәдениет» арнайы  жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар   жоспарын орындау мақсатында, БҚО Әділет Департаментінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімімен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 1 курс студенттерімен «Авторлық құқық объектілерін тіркеу және қорғау» тақырыбына кездесу өткізілді.

      Кездесу барысында студенттерге авторлық құқық объектілерін  тіркеу тәртібі, оларды қорғаудың тиімді тәсілдері түсіндірілді.

 

                                                  

                                             БҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі