Жиналыс өтті

Жиналыс өтті

Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметтің маңызды қағидаты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде басшының орынбасары Әдемі Әлібекқызы Бектібаеваның төрағалығымен қызметтік әдеп мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен жауапкершілік таныту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі мен кәсібилігі – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастырудың маңызды негізі.