Ашық есік күні

Ашық есік күні

«Тең қоғам» ұйымында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен заңды мүдделері туралы ақпараттандыру, құқықтық көмек алу мүмкіндіктерін түсіндіру және құқықтық сауаттылығын арттыру.