
Бүгін Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Зашаған кентінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараға Әділет департаментінің өкілдерімен қатар адвокаттар мен заң консультанттары, сот орындаушылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті кеңес алып, заңнама талаптарына қатысты түсіндірмелерге ие болды. Атап айтқанда, алименттік міндеттемелер, сот актілерін орындау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.
Ашық есік күні тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпарат алуына мүмкіндік берді.