«Ашық есік» акциясы

«Ашық есік» акциясы

Теректі ауданының Подстепное ауылында «Ашық есік» акциясы жалғасын тапты.

Акция барысында аудан тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегі көрсетіліп, азаматтардың сауалдарына білікті мамандар тарапынан түсіндірмелер берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және азаматтардың өз құқықтарын қорғауына қолдау көрсету.

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алып, қажетті құқықтық ақпараттарға ие болды.