Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Бос жұмыс орындарына алимент бойынша жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамту» атты ЖӘРМЕҢКЕ шарасы өткізілді

2026 жылдың 13 тамыз күні Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнібек аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Казталов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы мемлекеттік аға сот орындаушысы К.Ж.Абдуллиннің қатысуымен, Жәнібек аудандық прокурорының көмекшісі Қ.Н.Бектемирова, БҚО жеке сот орындаушылар палатасының Жәнібек ауданы бойынша жеке сот орындаушысы С.М.Меңдеш, БҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ филиалы «Жәнібек ауданының Мансап орталығы» директорының у.м.а. А.А.Жармуханова, Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.И.Тастенова, «Жәнібек аудандық орталық ауруханасы» МКҚК директорының у.м.а. З.М.Ермегалиева, «Жәнібек ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Р.А.Сариев және т.б. жұмыс беруші мекемелер қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Жәнібек ауданы бойынша алимент төлемей жүрген борышкерлерді Жұмыспен қамту бөліміне тіркеуге алғызып, ары қарай тұрақты жұмысқа тұрғызу және оларды бақылауға алу.