Онлайн-семинар өткізді

Онлайн-семинар өткізді

2026 жылғы 13 тамызда «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Алматы облысының Әділет департаментімен және «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымы» жеке мекемесімен бірлесіп, «Концерттер мен өзге де бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинарға мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар, концерттік алаңдар, театрлар, филармониялар мен мәдениет мекемелерінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау, музыкалық туындыларды заңды пайдалану, құқық иеленушілермен шарттар жасасу және заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Отандық және шетелдік авторлардың туындыларын көпшілік алдында орындау кезінде құқық иеленушілердің құқықтарын сақтауға ерекше назар аударылды.