
2026 жылғы 12 тамызда Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы А. Тасыбаева Департамент қызметкерлерімен жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау, қызметтік міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік мәдениет пен мінез-құлық талаптарын ұстану, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу мәселелері талқыланды.
Департамент басшысы заңнама талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби әрі әдеп стандарттарын ұстануының маңыздылығын атап өтті.
Жиналыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.