
«Заң және тәртіп» және «Адал азамат» жалпыұлттық тұжырымдамаларын іске асыру аясында «Құқық және қамқорлық» ювеналды клиникасының салтанатты ашылуы өтті.
2026 жылғы 30 маусымда балалардың құқықтарын қорғау жүйесін дамыту және отбасы институтын нығайту бағытында маңызды қадам жасалды. Осы күні «Достық алаңы» балалар және жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және заң үстемдігі қағидаттарын орнықтыруға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту.
«Құқық және қамқорлық» ювеналды клиникасы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға, жасөспірімдерге және отбасыларға кешенді құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін алаңға айналады.Клиниканың қызметі баланың құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қамтамасыз етуге, отбасылық дауларды бейбіт жолмен реттеу мәдениетін дамытуға және отбасы құндылықтарын сақтауға бағытталған.
Осындай бастамаларды іске асыру – балалардың құқықтарын қорғау, әр азаматтың жауапкершілігі, адалдық, заңға құрмет және отбасы құндылықтарын нығайту қағидаттарына негізделген «Заң және тәртіп» және «Адал азамат» тұжырымдамаларының іс жүзіндегі көрінісі. Бұл – әділетті, қауіпсіз әрі жасампаз қоғам құрудың берік негізі.