
Ағымдағы жылдың 23 маусымында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен батыс өңірлердің кәсіпкерлері қатысқан өңірлік көрме өтті.
Іс-шара барысында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің өкілдері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қатысушыларға географиялық көрсеткіштерді, тауар белгілерін және патенттерді тіркеудің артықшылықтары түсіндіріліп, зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды қорғаудың негізгі тетіктері таныстырылды.