
Ашық есік күні өткізілді
Орал қалалық арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталығында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында мекеме тұрғындарына Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидаттары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық кеңестер берілді.
Акцияға Батыс Қазақстан облысы департаменттің бас маманы Г. Айбек, мемлекеттік сот орындаушысы А. Анесов, сондай-ақ заң консультанттары Д. Ишанбергенов және А. Мурзагалиев қатысты.
Қатысушылар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік, еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.
Аталған іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған.