
Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Жаһанша Досмұхамедов атындағы колледж студенттерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға кітапхананың мүмкіндіктері — білім беру ресурстарына, электрондық базаларға қолжетімділік және өзін-өзі дамытуға арналған жағдайлар туралы ақпарат беріліп, сондай-ақ авторлық құқық пен зияткерлік меншік мәселелері түсіндірілді.