Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында Әділет департаменті «Зияткерлік меншік және спорт: старт, назар, инновациялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, дене шынықтыру және спорт басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, спорттық дүкендер өкілдері, сондай-ақ мүдделі кәсіпкерлер қатысты.
Кездесу барысында зияткерлік меншікті тіркеу, авторлық құқықтар мен тауар белгілері, сондай-ақ контрафактілік өнімдерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.