Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Сәкен Ғұмаровтың үй-музейінде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында
«Авторлық құқық және зияткерлік меншікті қорғау – контрафактілік өнімдерге қарсы күрестің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қазақстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты:
— Қуандық Мәдір — Батыс Қазақстан облысы Суретшілер одағының жетекшісі;
— Донеділ Қажымов — композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, мәдениет қайраткері;
— Жаскелең Ғайсагалиев — композитор, музыкалық өнер қайраткері;
— Абдул Рахметов — ақын, әдебиет саласының өкілі;
— Рахима Сагиева — дизайнер, қазіргі заманғы көркем және қолданбалы дизайн саласының маманы.
Шара барысында авторлық құқықты қорғау, зияткерлік меншікке құрмет мәдениетін дамыту, контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері талқыланды.