
2026 жылғы 17 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға Департамент қызметкерлері, аумақтық нотариаттық палатаның және облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарын сақтау, азаматтарға сапалы құқықтық көмек көрсету және өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.