
Бүгін Ақжайық ауданы Чапаев ауылында «Заң керуені» акциясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету шарасы өткізілді.
Іс-шара ауыл әкімдігі ғимаратындағы азаматтарды қабылдау орталығында ұйымдастырылды. Шараға Әділет департаментінің, полиция және прокуратура органдарының, сондай-ақ ауылдық әкімдік өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіліп, оларды мазалаған құқықтық мәселелер бойынша толыққанды түсіндірмелер берілді.
Аталған шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру болып табылады.