Құқық кабинетінде азаматтарды қабылдау өткізілді

Құқық кабинетінде азаматтарды қабылдау өткізілді

Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округіне қарасты Өлеңті ауылындағы құқықтық кабинетте Әділет департаменті тарапынан азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындарына заңгерлік кеңестер беріліп, оларды мазалаған құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер ұсынылды.

Атап айтқанда, азаматтарға eGov порталының мүмкіндіктері түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу тәртібі бойынша нақты көмек көрсетілді.

Аталған шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету және азаматтардың өз құқықтарын тиімді пайдалануына ықпал ету болып табылады.