Бөрлідегі тегін құқықтық кеңес

Бөрлідегі тегін құқықтық кеңес

«Заң мен Тәртіп» шарасы аясында Бөрлі ауданы мәжбүрлеп орындату бөлімі мен жұмыспен қамту бөлімі бірлесіп, отбасын қолдау орталығы, заң қоғамдастығының өкілі мен нотариустың қатысуымен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша тұрғындарға қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері бойынша кеңестер берілді. Нотариус тарапынан құқықтық рәсімдеу мәселелері түсіндіріліп, заң қоғамдастығы өкілі азаматтарға құқықтық кеңес берді.

Іс-шара нәтижесінде мұқтаж азаматтарға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету бағыттары айқындалып, тиісті органдармен бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.