
Қаламыздағы отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық консультация өткізілді.
Шараға Әділет департаментінің өкілдері, полиция, нотариус, адвокат қатысты.
Кеңес беру барысында балаларға теріс әсер ететін іс-әрекеттерге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.