
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттеріне арналған заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараға жеке сот орындаушысы, адвокат, сондай-ақ Нотариат палатасы мен Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті өкілдері қатысты.
Дәріс барысында заңгерлік білімнің артықшылықтары мен мемлекеттік және жеке құрылымдарда жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар дропперлік мәселесі, осындай құқыққа қайшы схемаларға қатысқаны үшін заңды жауапкершілік түрлері, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қатысты құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Қатысушылар зияткерлік меншік объектілерін, тауар белгілерін және авторлық құқықтарды тіркеудің негізгі аспектілерін, сондай-ақ құқық иелерінің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелерін де қарастырды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.