«Заң клиникасы» аясында Қазақстаннның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері Әділет департаментінде болды. Қызметтегі бір күн деп аталған шараға қатысқан студенттер департаменттің бөлімдерін аралап, заңгерлік жұмыстың қыр сырымен танысты. Департамент басшысы Әлия Тасыбаеваның қабылдауында болып,өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып,жақсы әсерге бөленді.
