Қаратөбе ауданындағы «Құқық кабинеті» жұмысы туралы

Қаратөбе ауданындағы «Құқық кабинеті» жұмысы туралы

Қаратөбе ауданындағы «Құқық кабинеті» жұмысы туралы

Қаратөбе ауданында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғындарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқық кабинеті» өз жұмысын ұйымдастырды.

«Құқық кабинеті» қызметінің негізгі мақсаты – азаматтарға заңнаманың өзекті мәселелері бойынша кеңес беру, қолданыстағы құқық нормаларын түсіндіру, сондай-ақ тұрғындардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.

Кабинет жұмысы аясында аудан тұрғындары атқарушылық іс жүргізу, еңбек заңнамасы, әлеуметтік төлемдер, тұрғын үй қатынастары, отбасы құқығы және өзге де құқықтық бағыттар бойынша тегін кеңес ала алады. Қажет болған жағдайда азаматтарға уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі түсіндіріледі.

«Құқық кабинеті» қызметі халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.

.