
Қаламыздағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан адамдар үшін құқықтық кеңес ұйымдастырылды.
Шараға Әділет департаментінің өкілдері мен адвокат, нотариус және заң кеңесшілері қатысты.
«Заң мен тәртіп» аясында өткен кеңесте жазасын өтеушілер өздерін мазалаған сауалдарына толыққанды жауап алды.