"Халық заңгері" акциясы өткізілді

"Халық заңгері" акциясы өткізілді

“Халық заңгері” акциясы өтті

29 қаңтар күні қаламыздағы “Атамекен”өнер ордасында “Халық заңгері”акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың өзекті мәселелерін жедел әрі білікті түрде шешу, сондай ақ, ”Заң мен Тәртіп” идеологиясын жүзеге асыру.
Шараға прокуратура,полиция,Әділет департаменті өкілдері мен адвокаттар,сот орындаушылар, заң кеңесшілері мен басқа да құзырлы мекемелердің мамандары қатысты.
Акцияға келген қала тұрғындарына құқықтық кеңестер берілді.
Халық арасында игілікті шараға айналып үлгерген бұл акция алдағы уақытта да өткізілетін болады.