Семинар-дәріс өткізілді

Семинар-дәріс өткізілді

«Заң мен тәртіп – саналы ұрпақ таңдауы» тақырыбындағы семинар-дәріс

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, өз құқықтары мен міндеттерін білуге бағыттау, құқық бұзушылықтың алдын алу.

Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті спикерлер оқушылармен маңызды құқықтық тақырыптарда пікір алмасып, пайдалы ақпараттармен бөлісті

🎤 Спикерлер:

🔹 Арстанова Жазира Жандарбекқызы – Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы, полиция подполковнигі;

🔹 Асқарова Қарагөз Асқарқызы – Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты;

🔹 Хасанова Манзура Маутовна – Әділет департаментінің кәсіби медиаторы;

🔹 Алтайқызы Дильназ – «Көмек StopBullying» жобасының менеджері;

🔹 Нагай Карина – Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша омбудсмен.

Оқушылар белсенді сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған мәселелерге нақты жауап алды.
✨ «Заң ON/OFF» құқықтық челленджінің жеңімпаздары лайықты марапатталды 🏆

Осындай тағылымды кездесулер – саналы, жауапты ұрпақ тәрбиелеудің жарқын қадамы! 🌱