Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Бектібаевамен Орал қаласының мәжбүрлеп аумақтық орындату бөлімінің және Ақжайық, Бөрлі, Казталов ауданаралық сот актілерін орындату жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушыларына Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын және мінез құлық қағидаларын жұмыс және жұмыстан тыс уақытында қатаң сақтау қажеттілігі, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері атап өтілді.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы ортада қызмет жасаудың маңыздылығын көрсетті.