2024 жылы Мемлекет басшысының азаматтардың, ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысы бойынша 151 «Құқық кабинеті» ашылды.
Облыстағы 151 ауыл округінде «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. Олар өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында орналасқан. «Құқық кабинеті» қажетті компьютерлік техникамен (принтер, телефон, веб-камера) және «Әділет» АҚЖ, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі бар бағдарламалық қамтамасыз етумен, келушілерді және өтініштерді тіркеу журналмен жабдықталған.