Ашық есік күні акциясы өткізілді

Ашық есік күні акциясы өткізілді

Бүгін «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында «Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Оған департамент қызметкерлері, нотариус,адвокат және жеке сот орындаушы мен басқа да мекемелердің өкілдері қатысты.

Орталық «Бір терезе» қағидасы негізінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу , әлеуметтік және тұрмыстық дағдыларды үйрету қызметтерін жүзеге асыруға қолайлы орта болып табылады.

Әділет департаменті бұл орталықта мұқтаж жандарға тегін құқықтық көмек көрсетуді жиі ұйымдастырып келеді.

Бүгінгі өткізген шараға 20 шақты адам жүгініп, сауалдарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

Мұндағы мақсат халыққа тегін құқықтық көмек қолын созу.Келушілер негізінен өздерінің жеке бастарына қажет сауалдарын қойып жауаптарын алып риза болып жатады.