
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде БҚО әділет департаменті басшы орынбасары Ә.Бектібаеваның қатысуымен “ҚР Ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы” ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде семинарлық кеңес ұйымдастырылды.
Кеңеске ішкі істер органдарының ардагерлері, Полиция және Әділет департаменттерінің қызметкерлері, тәлімгерлер мен жас мамандар, сондай-ақ ардагерлер мен әжелер кеңесінің төрайымы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – “Адал азамат” және “Заң мен тәртіп” қағидаттарын насихаттау, жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету.
Жиында БҚО ПД бастығының орынбасары Нұрмахан Тоғайбайұлы сөз сөйлеп, әділетті әрі қауіпсіз қоғам құруда әр қызметкердің адалдығы мен заңға деген құрметі басты қағида болуы тиіс екенін атап өтті.
Ардагерлер жас буынға өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ел игілігі үшін адал еңбек етудің маңызын жеткізді. Олар жастарды жауапкершілікке, кәсіби тәртіпке және отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар ардагерлерге Полиция департаменті бастығының атынан алғыс хаттар табысталды. Кеш концерттік бағдарламамен аяқталды.