2025 жылдың 25 қарашада Әділет департаментінің бас мамандары А.Е.Бусурманова, Г.М.Ахметовамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының басқарма басшы құрамы және қызметкерлерімен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, апостиль қою, АХАТ қызметтерін көрсету тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында тіркеуші органның кінәсінен тіркеу іс-әрекеттерінің күшін жоюды болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша филиал қызметкерлеріне құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.