
Бүгін БҚО Әділет департаментініңң ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан Инновациялық технологиялық Университетінің алаңында «Құқығыңды біл және қорға!» форум-ойыны өтті. Бұл ойынның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және зияткерлік меншік пен жасанды интеллект дәуірінде өз құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи алаң.
Форум ойынныңерекшелігі –жастарға заң білімін тәжірибе мен ойын арқылы меңгертуінде. «Зияткерлік меншік, жасанды интеллект – болашақтың негізі» атты бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар құқықтық блицте білімін сынап, AI-сот имитациясында нақты істерді талқылады, медиа-дебатта «Жасанды интеллект — мүмкіндік пе, қауіп пе?» тақырыбында пікірталас жүргізді, QR-кейс және Қара жәшік кезеңдерінде зияткерлік меншік саласындағы мәселелерді шығармашылықпен шешті.
Іс-шараны БҚО Әділет департаменті ынтымақтастық аясында Батыс Қазақстан Инновациялық технологиялық Университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамындағы мекеме өкілдерімен зияткерлік меншік құқығын дамытуға арналған жұмыс отырысы өткізіліп, өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.
Форум ойын – құқықты құрметтейтін, әділдік пен зияткерлікті бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеудің жаңа форматы болды. Сондықтан бұл ойын болашақта да жалғастырылатын болады.
Ойын соңында студенттерге тест және сауалнама арқылы кері байланыс жасалды, нәтижесінде жастардың білім көрсеткіштері жақсы дәрежеге ие болды. Форум –ойын жоғары бағаланып, пайдалы әрі қызықты болғаны туралы пікір білдірілді.