"Халық заңгері" республикалық акциясы өткізілді

2025 жылдың 31 қазанында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облысының AMANAT партиясы филиалының ғимаратында азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін және сапалы құқықтық кеңес беру, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту болып табылады.Іс-шараға әділет департаменті, прокуратура, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар және басқа да мемлекеттік орган өкілдері қатысты.Мамандар тұрғындарға азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, жер, әлеуметтік және қылмыстық құқық салалары бойынша тегін заңгерлік кеңес берді.Акция барысында азаматтар өз құқықтарына қатысты сұрақтарына кәсіби жауап алып, құқықтық шешімдер туралы толық ақпаратқа ие болды.«Халық заңгері» акциясы – қоғаммен ашық диалог орнатуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі.