Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

25 қазан – Республика күніне және Ата заңның 30 жылдығына орай
“Ата заң – болашағымыздың бағдары, Республика күні – рухымыздың қайнары” тақырыбында кездесу өткізілді.
Шараға Бөрлі ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы Нагиева Жазира Кажыгереевна шақырылып, мектеп парламентінің жаңа құрамындағы оқушылармен сұхбат өрбітті.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтары мен міндеттері, заңға бағыну мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік туралы мазмұнды ақпарат берілді.
🧩 Шараның мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, елжандылық пен отаншылдық сезімін қалыптастыру.