Бәйтерек ауданының Рубежинское ауылдық округ тұрғындарына қабылдау өткізілді

Бәйтерек ауданының Рубежинское ауылдық округ тұрғындарына қабылдау өткізілді
2025 жылдың 10 қазаны күні түстен кейін Әділет департаменті басшының орынбасары,адвокат, нотариус және жеке сот орындаушы Бәйтерек ауданының Рубежка ауылдық округінде тұрғындарды қабылдады. Шараның мақсаты тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершіліктерін сезіндіру.Халықпен кездесу барысында барлық азаматтарға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер берілді.