Ашық есік күні акциясы ұйымдастырылды

2025 жылдың 10 қазанында «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында, Құрманғазы атындағы саз колледжінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша студенттермен “Ашық есік күні” акциясы өткізілді. Іс-шараға Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы С.Ибрагимова, нотариустар С.Аметова, А.Махметова және адвокат Д.Ерсайын қатысты. Кездесу барысында студенттерге «Құқығыңды біл – тәртіпті сақта» және «Киберқылмыс және оның түрлері» тақырыптарына түсінік берілді. Сонымен қатар, заңдарды сақтау қажеттілігі мен құқықтық сауаттылықтың қазіргі қоғамдағы маңызына ерекше назар аударылды. Мұндай іс шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.