Атқарушылық іс жүргізу органдарының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде "Тараптар кабинеті" онлайн сервисі енгізілді

Атқарушылық іс жүргізу органдарының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде "Тараптар кабинеті" онлайн сервисі енгізілді

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін Атқарушылық іс жүргізу органдарының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде онлайн-сервис – «Тараптар кабинеті» енгізілді.

Қызметке қол жеткізу үшін тараптар aisoip.adilet.gov.kz сайтында тіркеліп, ADILET мобильді қосымшасын жүктеп алуы және қосымшаның жеке кабинетінде авторизациядан өтуі қажет.

«Тараптар кабинеті» арқылы тараптар:
— атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса алады,
— оның орындалу кезеңдерін бақылайды,
— өтініштер мен арыздарды электронды форматта жолдайды,
— хабарламалар мен құжаттарды қашықтан алады,
— сот орындаушысының деректері мен оның рейтингісін тексере алады,
— тіркелген құжаттарды PDF форматында жүктей алады,
— сондай-ақ қарыздарды онлайн түрде төлей алады.

Қызмет тәулік бойы қолжетімді және бару арқылы жүгінуден сақтайды, процестерді жеделдетеді және атқарушылық іс жүргізудің барысын бақылауға мүмкіндік береді.