ҚР Конституциясының 30 жылдығы күнін мерекелеуге байланысты салтанатты іс-шара өткізілді

ҚР Конституциясының 30 жылдығы күнін мерекелеуге байланысты салтанатты іс-шара өткізілді

2025 жылғы 28 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында еліміздің негізгі заңының тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөлі атап өтілді.

Жиын барысында БҚО Әділет департаментінің басшысы Ә.Ә.Тасыбаева Конституцияның әрбір азамат үшін маңызы зор екенін, ол біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ салтанатты жиында бірқатар қызметкерлерге адал еңбегі үшін алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Конституция күні – әрбір қазақстандық үшін заңға құрмет пен отансүйгіштік сезімін күшейтетін мереке болып табылады.