Авторлық және сабақтас құқықтар мәселелері бойынша семинар өткізілді

Авторлық және сабақтас құқықтар мәселелері бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 27 тамызда, «Атамекен» Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Zoom платформасы арқылы авторлық және сабақтас құқықтар мәселелері бойынша семинар өтті.
 Семинарға БҚО экономикалық тергеу департаментінің өкілдері, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ караоке-барлар мен кинотеатрлардың иелері қатысты.
 Семинар барысында «Аманат авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымы» жеке мекемесінің өкілі кәсіпкерлерге музыканы коммерциялық мақсатта пайдалану үшін лицензиялық шарттар жасасудың қажеттілігі түсіндірілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап берілді.