“Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні” акциясы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 30 жылдығына арналған медиажоспарға сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен ағымдағы жылдың 15 тамызында аумақтық адвокаттар алқасымен бірлесе отырып, «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Шараға департаменттің қызметкерлері, адвокат, нотариус және сот орындаушылар қатысып, тегін заң көмегін берді.
Шараның басты мақсаты - азаматтарға өз құқықтарын жүзеге асыруда көмек беру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Акция барысында азаматтар мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кәсіби кеңестерін алды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік берді.