Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

 Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және ілгерілету бойынша жүйелі жұмыс аясында өңірдегі жедел дайындалатын өнімдердің жетекші өндірушілерінің бірі – «Даму Орал» ЖШС басшылығымен жұмыс кездесуі өткізді.
Кездесу барысында зияткерлік меншік нысандарын, атап айтқанда «YasMi»@yasmi.uralsk тауар белгілері мен пайдалы модельді құқықтық қорғау мәселелері қаралды. Аталған объектілер «Даму Орал» ЖШС теңгерімінде тіркелген.
Кәсіпорын зияткерлік меншікті коммерциялық қызметте белсенді пайдаланады, бұл аймақтық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.