"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

"Ашық есік күні" акциясы өткізілді

2025 жылғы 18 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен “Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету және халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” қоғамдық бірлестігінде «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға бірқатар сала мамандары қатысты: Әділет департаментінің бас маманы Г.Ахметова, жекеше нотариус У.Карабасова, заң консультант А.Жаксимбетова және жеке сот орындаушы Р.Сыйхова қатысты.
Акция барысында қатысушыларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, денсаулық сақтау, банкроттық туралы мәселелер, сондай-ақ сот актілерін орындау сұрақтары бойынша мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кеңестер алды.