2025 жылдың 11 шілдесінде Департаментпен Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша ZOOM арқылы онлайн-жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы, адвокаттардың қызметтері үшін ақы төлеу туралы және «Zan komegi» ақпараттық жүйесі арқылы құқықтық көмек көрсету тәртібі талқыланды.
Шара соңында Департаментке аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту және тиісті шараларды қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктелді.