2025 жылғы 4 шілдеде ҚР Әділет министрлігімен аумақтық әділет департаменттері арасында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша ZOOM арқылы онлайн-жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы, «Zan komegi» ақпараттық жүйесі арқылы құқықтық көмек көрсету тәртібі, адвокаттар мен заң консультанттарының қызметтері үшін ақы төлеу мәселелері және осы көмектің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.
Департаменттерге аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту және тиісті шараларды қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктелді.