Ағымдағы жылдың 29 маусым күні Батыс өңірлері кәсіпкерлерінің қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарының көрмесіне, департаменттің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, авторлық құқықты, тауар белгілерін және патенттерді тіркеудің маңыздылығы мен қолөнершілер жасаған бірегей бұйымдарды, дизайндарды және технологияларды құқықтық қорғау тәсілдері туралы айтылды. Көрме қатысушылары өз зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты практикалық сұрақтар бойынша кеңестер алды.